Филиалдарының іс-шаралары
Кәсіби деңгейді көтеру

Шымкент қалалық арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен "Кәсіби деңгейді көтеру" мақсатында кезекті тәжірибе алмасу сабағы өтті. Түркістан облысының бүкіл аудандарынан, қалаларынан келген зағип оқырмандарға қызмет көрсететін кітапханашыларға "Арнайы кітапхана қорындағы құжаттардың ерекшелігі" бойынша түсініктемелер айтылып, тәжірибелік ойындар, тренингтер өтуімен қатар, жаңа түскен арнайы кітаптарға шолу жасалынды.

 
«Рухани жаңғыру: мәдени даму жолдары»

2018  жылы 29 наурызда  ОҚО   арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға  арналған  кітапханасының ұйымдастыруымен   Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығымен бірлесе   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы  аясында  «Рухани жаңғыру: мәдени даму жолдары» атты  тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға арнайы кітапхана және 16 аудандық кітапхана филиал кітапханашылары, Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығының қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қызмет жасайтын арнайы мамандар, дефектолог, тифлологтар қатысты.

 

 
«Өнерім, көңіл шуағым» 2017

2017  жылы 13 қарашада  ОҚО   арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасын жандандыру мақсатында «Өнерім, көңіл шуағым» атты үш номинациядан тұратын облыстық фестиваль өтті. Облыс көлемінде 14 аудан арасынан жалпы 3 номинация бойынша 44 үміткер қатысты.

Номинациялар:

  1. 1. «Оңтүстік, жердің жәннәті!»

(ОҚО 85 жылдығына орай, эстрада жанрында, табиғи дауыста өлкеге арналған әндер)

  1. 2. «Өлеңім- өмірімнің айнасы»

(Ақын, ҚР халық жазушысы М. Шахановтың 75 жылдығына орай автордың өлеңдерін мәнерлеп оқу және авторға арналған өз өлеңі)

  1. 3. «Өнерге, өріс кең»

(Табиғи дауыста, дәстүрлі және халық әндерін орындау)

 
Кеңесары хан

2017  жылдың 6 ақпанында  ОҚО  арнайы кітапханаға қарасты  Шымкент қалалық арнайы кітапхана филиалында  Кеңесары хан Қасымұлының туғанына 215 жыл толуына орай «Ұлт азаттық көтерілістің көсемі» атты іс – шара өткізілді. Іс –шараға келген зағип оқырмандар Кенесары ханның өмір тарихымен таныстырылды және өз елінің азаттығы үшін күрескенін насихаттап, мағлұмат берілді.

 
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

2017  жылдың 3 ақпанында  ОҚО  арнайы кітапханаға қарасты  Шымкент қалалық арнайы кітапхана филиалында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы зағип оқырмандарға таныстырылып, кеңінен талқыланды. Ел үшін арналған аса зор маңызға ие жолдауды танып, түсінген оқырмандар оның мақсатына мән беріп, терең ұғына білді. Іс –шараға келген әрбір  зағип оқырмандар өз ойларымен бөлісе отырып  жарқын болашаққа сенім артты.

 
Әшірбек Сығай

2017  жылдың 16 қаңтарында  Шымкент қалалық арнайы кітапхана филиалында  ҚР Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, өнер қайраткері Әшірбек Сығайдың 70 жасқа толуына байланысты «Талаптың мініп тұлпарын» атты  іс- шара өткізілді.Оқырмандар танымал театртанушы, ұлағатты ұстаз, ғалым , аудармашы, профессор, өнер қайраткері Ә. Сығайдың  өмірбаяны мен кітаптарымен танысты. Іс –шараға зағип оқырмандар қатысты.

 
«Отбасы тынысы», «Өнегелі отаудың – өрісі кең», «Отбасы өмірді кемеліне келтіреді... бақыт әкеледі!», «Елін сүйер, сеніңіз, Өз отбасын сүйе алған!», «Отбасы – Алтын діңгек!». (Халықаралық отбасы күні)

Іс-шараның мақсаты: Көз мүгедектері жанұялары мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту.                                                                                                                                 Отбасы – сыйластық, жарастық ортасы. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Отан – отбасынан басталады. Отбасы құндылықтарының маңыздылығына мемлекет ерекше көңіл бөліп  Елбасымыздың жарлығымен елімізде алғаш рет  «Отбасы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісі болып  бекітілді. Ал 15 мамыр күні Халықаралық  отбасы күні. Осы күнге орай барлық аудандық филиалдар мен пунктерде  танымдылық сағаттар, сазды кештер, жанұялық спорттық сайыстар, әдептілік- имандылық сағаттары өтті. Облысымыздағы ынтымақтығы мен бірлігі, татулығы мен сыйластығы жарасқан көз мүгедектері  отбасыларын  қоғамға  насихаттап, халыққа таныту мақсатында өткізілуде. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі, отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы, баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасынан алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.

Өтетін уақыты: 14 мамыр

 

 

 
«Табиғатым тал бесігім», «Табиғатым- тал бесігім!», «Табиғатты аялайық- құстарды қорғайық», «Елжандылық экологияны қорғаудан басталады!»

Барлық аудандық филиалдар  мен   пункттерінде  6-7 сәуір күні  Халықаралық құстар  күніне    орай  «Табиғатым тал бесігім», «Табиғатым- тал бесігім!», «Табиғатты аялайық- құстарды қорғайық», «Елжандылық экологияны қорғаудан басталады!» іс- шаралар өтті.

Іс- шараның мақсаты: Құстар мен қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиямызды  таза ұстау, жас жеткіншектерге табиғатқа деген елжандылығын дамыту және баулу.

Іс- шаралар мынадай тұрінде өтті: Тамымдылық саттар, дауыстап оқу, викториналық сұрақ – жауап кеші, табиғат туралы ән сайысы. Түлкібас аудандық кітапханасында «Табиғатты аялайық- құстарды қорғайық» атты викториналық сұрақ –жауап кеші өтті. Мектеп оқушыларымен бірге өткізген кеш 7- сынып оқушылары топқа бөлініп, топтар әр құстардың атымен аталып «Шағала», «Қарлығаш», «Бұркіт» болып сайыстың  барлық шарттарына өздерінің зерделі екенін танытты.Доданың «Сәлем сөздің анасы», «Білгенге маржан», «Кім жылдам?», «Өнеліге өріс кең», барлық сайыс кезңдерінде біздің оқырман оқушыларымыз өз білімдерін, өнерлерін барлық қырынан көрсетті. Кешке Шымкент қаласының зоологиялық саябағы, Сайрам-Өгем, Сырдария-Түркістан, Ақсу-Жабағлы  ұлттық парктерінің мамандары қатысты. Кеш өз денгейынде өтті.

 

 

 

 
«Наурыз – мәңгілік мейрам» «Төрлет, төре Наурыз!» «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз!» (Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай мерекелік кеш).

Мақсаты: Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру.

Халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу. Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау. Туған халқының бай  ауыз әдебиетін қадірлеуге,салт-дәстүрін пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу. Ұлыс тойы басталды.

Наурыз тойын көтеріп,

Жар салайық әлемге.

Көрмегендер көріңдер,

Естімегендер естіңдер.

Дабылын наурыздың ғажайып,

Шақырамыз бәріңізді ұлыстың ұлы күніне!

 

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции