«Жемқорлықпен жұмыла күресеміз»

«Жемқорлықпен жұмыла күресеміз»

(9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа

қарсы күрес күніне орай )

Ұйымдастырушылар: Қызмет көрсету бөлімі

Іс-шараға қатысушылар, саны: 16 оқырман

Өткізілген орны: оқу зал

Өткізілген уақыты: 9 желтоқсан, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер жөнінде мағлұмат беру. Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою.

 

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

Бүгінгі таңда 9-желтоқсан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні болып аталып келеді. Осыған орай арнайы кітапханада қалың оқырман мен бас қосу өткізіп, түрлі ақпараттар мен келелі сұхбаттар жүргізілді. Ә дегеннен әнгіменің әлқисасы ашкөздікпен бармақ басты көз қысты дегендей теңеулермен ашылып одан құтылу жолдары жайындағы әнгімеге ұласты. Әр оқырман өз ойларын ортаға салды. Жан-жақты талқыға түскен бұл тақырып жиналғандардың бәрін сөйлетті. Сол арада Н.Жұмағулов «Сыбайлас жемқорлықтан арылу қоғамның тең дәрежеде бірқалыпты өмір сүруіне бағыттайтын таза жол» деген пікірінде білдіріп қалды. Оқырмандар арасынан жемқорлықтан қалай алшақтап құтылуға, қалай мәңгілікке жоюға болады деген сұрақтар туындады. Осы орайда П.Үйсімбаева «Әр адам ар алдында, Алла алдында таза болып, жалт-жұлт еткен дүниенің соңына түспей тура жүрсе, өзінің өн бойындағы адалдығын ту ете білсе, санасын тазалыққа тәрбиелесе онда қоғамда реттеледі және адамзат арасында сыбайластық пен жемқорлық жойылады» деп жауап берді. Ауқымды шараға облыстық Нұр Отан партиясының мүшелері А.Құлахметовпен М.Қожахметов та қатыса отырып, сыбайлас жемқорлықтан бойды алшақ ұстауға және қандай да бір сыбайластықтың белгілерін байқап, аңғарған жағдайда анонимды сенім телефондары арқылы қажетті орындарға хабар беріп, қылмыстық істердің алдын алуға барынша болдырмауға үндеді. Бас қосудың соңы кез келген мемлекеттің әрбір азаматының адал болуы жемқорлықтан аулақ болуы өз қолында деген тұжырыммен түйінделді.

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции