Заңгер Масадыкова Зухрамен кездесу (Заң кеңестері)

Заңгер Масадыкова Зухрамен кездесу

(Заң кеңестері)

Кітапханамыздың дәстүр бойынша 1-ші қазаннан 13-ші қараша аралығында сауықтыру айлығын өткізіп отырамыз. Бұл мерзімде бірқатар үздіксіз іс-шаралар өткізіледі. Зағип жандарды толғандыратын әр түрлі мәселелерді қамтимыз. Соның бірі заң төңірегінде болып отыр. ОҚО қорғаушылар алқасымен келісіп заңгер З. Масадыкованы шақырдық.

Оқу залына үлкенді – кішілі оқырмандарымыз жиналып өз сұрақтарын дайындап отырғаны көрініп тұрды. Жүргізуші Е. Адилбеков келген қонақпен таныстыруды жөн көрді. Заңгер оқырмандарға өзінін қысқаша өмірбаянын айтып берген соң, алдындағы қойылған бірқатар оқырмандардың сұрақтарына жауап бере бастады. Оқырмандарға алдын ала осы кездесу туралы хабарланған соң Қазығұрт, Сарыағаш аудандарынан да сұрақтар келіпті. I топтағы көз мүгедегі Құлахметов Абдіәлім келесі сұрақ қойды: «Елбасының жолдауы бойынша қазір мүгедектер жұмыспен қамтылуы тиіс, осыған байланысты үш пайыздық мүгедектерді жұмыспен қамту жайында не дейсіз және жұмысқа сұранған мүгедектерді кейде қабылдамай жатады осыған қандай жауабыңыз бар?» Заңгер өз тарапынан бұл сауалға былай жауап берді: «2005 жылдың 13 сәуірінде қабылданған әлеуметтік қорғау жөніндегі заңға сәйкес әрбір мүмкіндігі шектеулі азамат қабілеті болса жұмыс істеуге құқылы, сондықтан үкіметтің қаулысы бойынша әрбір мекеме өз құрамында үш пайыз мүгедек жандарды жұмысқа алуға тиісті. Өкінішке қарай кейбір жағдайда көптеген басшылар азаматтардың мүмкіндігінің шектеулігін алға қойып оларды жұмысқа алудан бас тартып жатады. Әрбір азамат өз құқығын білсе оған ешкім қарсы тұра алмайтыны хақ. Мүгедектер жұмыс істей алмайды деген еш жерде заң жоқ» - деп аяқтады өз жауабын Зухра ханым.

Жиналған қауым келген заңгерге әр түрлі саладан сұрақтарды қойып жатты. Біреулері шенеуніктерге өкпе білдіріп жатса, біреулері несие мәселесін немесе қарыз беріп қарыз алу мәселесін қозғап жатты. Кейбір оқырмандар жеке басты мәселесіне байланысты сұрақтарды қойып жатты. Жүргізуші сұрақ – жауап арасында келген қонақты осындағы жиналған зағип жандардың сұрақтарына тереңірек жауап беруіне өтініш білдіріп отырды. Мысалы І топтағы көз мүгедегі С.Катишев зағиптардың қол қою мәселесін алға қойды. Осы қиындық зағип азаматтардың нотариустарға, банктерге барған жағдайда әрдайым алдынан шығады да тұрады, сондықтанда осы мәселені қалай шешуге болады деп заңгерден кеңес сұрады. Заңгер өз тарапынан бұл оқырманға әділет департаменті мен әлеуметтік қорғау министрлігіне шығуды ұсынды. Одан әрі келген қонақ мүгедектерді қайбір мәселе толғандырса мұндай кісілер Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасына келіп, сол жердегі заңгерлерден тегін кеңес ала алады және сол жерде өзіне қажетті арыз, өтініштерді тиісті мамандар жазып береді деп келушілерді бір қуантып қойды. Осындай сұрақ – жауаптар кезінде белгіленген уақыттың қалай тез бітіп қалғанында байқамай қалдық. Іс-шара соңында бөлім меңгерушісі С.Катишев келген қонаққа баршаның атынан алғыс білдіріп алдағы уақытта осындай кездесулердің болып тұратындығына сенім білдіріп, шағын сыйлық тапсырды. Кездесу қызықты да тартымды өтті.

(ОҚО арнайы кітапханасының қызмет тифлобөлімі)

 

 

 

 


 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции