Іс – шаралар мұрағаты
«Ата Заң – кемел келешектің кепілі»

«Ата Заң – кемел келешектің кепілі»

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының

қабылданғанына 20 жыл

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Біздің кітапханамыздың тифло залында Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының қабылданғанына  20 жыл толуына байланысты 28 тамыз күні кітапхана оқу залында сағ. 11.00-де «Ата Заң – кемел келешектің кепілі»  атты мерекелік кеш болып өтті. Әдеттегідей кітапханаға І-ІІ-ші топтағы аға буынды және «Үміт» мектеп-интернатының оқушылары жиналды.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының  негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Бұл күнде ата Заңымыз өз күшінде. Бәріміз де Ата Заңға бағынып, соның баптарымен жүруіміз керек. Ата Заңда айтылғандай, адам – мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.

Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу,оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.
Аруна – Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.
Бастайтын болашаққа бас кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен Егемендігімізге қол жеткізіп, бүгінде өзіміздің Ата Заңымыз бар, біз бақытты ұрпақпыз. Конституцияны білу, заңды білу біз үшін міндет сияқты. Себебі, заңды білмесең, өз құқығыңды қорғай алмайсың.

Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.

Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.

Кітапханамыздың оқырманы жеке кәсіпкер І-топ көз мүгедегі Сыздықов Жұманәлі Мұсаұлы 7 зағип жандардың ұл-қыздарына қайырымдылық шара өткізіп, оларға мектепке керекті қажетті заттармен қамтамасыз етті. Оқырмандар іс-шарадан үлкен әсер алып, жақсы көңіл-күймен тарқасты. Мерекелік іс-шараға БАҚ өкілдері «Хабар» телеарнасымен «Оңтүстік Қазақстан» және «Қызмет» газеттерінің тілшілері келді.

Тифлосектор кітапханашысы

Абжаппарова Л.А.

 

 

 

 

 
«Қазақтың қыдыры, поэзияның қадірі еді» (Ақын, халық жазушысы Қ.Мырзалиевтың туғанына 80 жыл)

Қазақтың қыдыры, поэзияның қадірі еді»

(Ақын, халық жазушысы Қ.Мырзалиевтың туғанына 80 жыл)

Өтетін уақыты: 8 қаңтар, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: алдыңғы буын ағаларымыздың өлеңдерін жастарымызға насихат ету.

 

Жастарымыздың рухани сусап қалмау мақсатында  қазақ халқының біртуар ақын жазушыларының мерейтойларын жылдық жоспарымызға  кіргізіп отырамыз.  «Қазақтың қыдыры, поэзияның қадірі еді» атты Қадыр Мырзалиев  ағамыздың 80–жылдық мерейтойына орай кітапханамызда үлкен іс-шара өткіздік. Іс-шара барысында ақынның өмірбаяны жайлы мағлұматтар айтылды, ақынның өлеңдерінен тұратын және Оңтүстікке сапарларынан жинақталған бейне роликтер көрсетілді. Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің жырларын қазақ тіліне аударған. Оқырмандарымыздың ішінде ақын ағамыздың өлеңдерін өздеріне арқау етіп жүрген дарынды жастарымыз  біршама өлеңдерін оқып өтті.  Залымыздың бір шетінде Қадыр Мырзалиев ағамыздың  қаламынан шыққан кітаптары,  өлеңдер жинақтары қойылған үлкен көрме орналастырылды. Жастар ақынның өлеңдері жайлы өздерінің ой пікірлерімен бөлісті. Кеш соңында оқырмандар Қадыр ағамыздың өлеңдерімен қанаттанып қош айтысты.

 

 

 
«Мен жастарға сенемін!»

(ҚазақтыңғажайыпақыныМ.Жұмабаевтыңтуғанына 120 жыл)

Маусым айының 12 жұлдызында көздері көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Мен жастарға сенемін» айдарымен Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдық  мерейтойына арналған әдеби көркемсөз іс-шарасы өтті. Оқырман аудиториясын қазақ-орыс тілді ұлттары құрағандықтан, іс-шара екі тілде жүргізілді. Орыс тілінде -   қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Тұяқбаева Н., қазақ тілінде тифлосектор қызметкері Маханова З. жүргізді.

Көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ поэзиясының жұлдыздарының бірегейі Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянымен тифлосектор қызметкері Әбжаппарова Л. таныстыра келе, ақынның білім алған ошақтарына, атқарған: Алаш партиясындағы, «Бостандық туы», «Ақ жол» газеттеріндегі,  «Балапан» журналындағы т. б. қызметтеріне тоқталды.  Орыс тілінде өмірбаянымен таныстырылғаннан кейін ақынның «Туған жерім -  Сасықкөл», «Родная земля» өлеңдері оқылды.

Мағжан Жұмабаевтың ұлттық поэзиядағы алатын орнының ерекшелігін, оның тума талант иегері, ұлтының тыныс-тіршілігімен тамырласа өмір кешкенін, ғасырлық ата тарихымызды өзінің ой-парасатымен және жүрегімен қорғаған ақын екендігін жүргізушілер атап айтты.

Ақынның өмір сүрген уақыты қаншалықты саяси, қоғамдық тақырыпты алға тартқанымен -    алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Себебі, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан Абай дәстүрінде жыр жазып, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін «Алтын хакім Абайға» деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі дей келе осы өлеңін және Абай үлгісіндегі өлеңдерінен «Жазғы тұрым», «Жазғы таң» өлеңдері екі тілде оқылды.

Мағжан Жұмабаев айтқандай, аға буын жас толқыннан жаңалық, тосын дүниелер күтетіндігін айтып, қазақ арасындағы келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты көп сынады. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырды. Ол:

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,

Кілтін өнер-білім ашып жатыр, - дей  келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өкінеді. Болыстар мен төрелердің өз басының қамымен жүргендігі, халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ екендігін, оқудағы шәкірттердің дұрыс білім алмайтынына, қыз балаларының малға сатылып кетіп жатқанына өзегі өртенеді. Осы тұста оқырмандардың тікелей қатысуымен А. Тәйтелееваның орындауында  Жұмабаевтың  «Өнер-білім қайтсе табылар» өлеңі оқылды, сондай-ақ, «Мен жастарға сенемін», өлеңі екі тілде оқылды.

Ақынның ақындық әлемі мен қаламгерлік қуат-қарымы жайында:

«Қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, халқы үшін жарқырап жанған, күнге ғана табынған, өзіне ғана бағынған, жүрегі мен жаны – от, иманы мен ары – от Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі сәулесі – мәңгі сөнбес жұлдыз, қайталанбас құбылыс!» деген ұлағатты сөздер жазды Елбасы Н. Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында.

Иә, қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ әлемдік деңгейге көтерген, сұлу да сырлы жырымен ұлтымыздың ұлы ақынына айналған поэзия пайғамбарын қалай ұлықтасақ та жарасады. Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артында өшпес мұрасын қалдырған ғажайып ақынның әруақты жырларына тағзым еткеніміз абзал деп жүргізушілер іс-шараны аяқтады.

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции