«Озық ойлы, шыншыл жан»

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 19-маусым күні «Халықаралық Алаш» әдеби сыйлығының, «Парасат» орденінің, «Саттар Ерубаев» атындағы сыйлықтың және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері ақын Ханбибі Есенқарақызының 70 жылдық мерейтойына арналған «Озық ойлы, шыншыл жан» атты әдеби-сазды кездесу кеші өтті. «Қанат қақты», «Бұлттсыз аспан», «Жұлдызым», «Жан гүлім», «Жан айқайы», «Жыр», «Сыр» т.б. кітаптардың авторы Х.Есенқарақызымен сыр-сұхбат, кездесу кеші жоғары деңгейде өтті. Кешті кітапхана қызметкері, ақын Ербек Бакиев жүргізді. Кеш барысында Хан апамыз кеш жүргізушісі мен оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзінің әсерлі, тағылымды әңгімелерімен көпшіліктің көңіліне жылулық сыйлады.

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции