Қызмет көрсету бөлімі мен тифлология бөлемі

Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі - Тұяқбаева НазиляТұрабайқызы

Тифлология бөлімінің бөлім меңгерушісі -Абжаппарова Ләззат Ақылбайқызы

Қызмет көрсету бөлімі мен Тифлология бөлемі – көз мүгедектеріне барлық қажетті ақпараттарды жеткізе отырып, оқырмандармен тікелей байланысты іске асыратын арнайы кітапхананың негізгі бөлімдерінің бірі.

Бөлімдерде бөлімнің қызметі мен міндеттерін біліктілікпен іске асыратын мамандар жұмыс істейді: оқырмандар құрамын қалыптастыру, көзі көрмейтін оқырмандардың құрамын анықта және олардың қызығушылықтарын, сұраныстарын анықтау;

Әдебиеттерді таңдауда көмек көрсету, жаңа ақпараттарды әрбір оқырманға жеткізу кітапхана қоры әмбебап, білімнің барлық салаларындағы әдебиеттер бар. Пайдаланушыларға ақпараттарды жеткізу үшін түрлі тәсілдер қолданылады: сөз, музыка, есту, көру, сезіну арқылы қабылданатын көрнекі және бедерлі-графикалық құралдар.

Қызмет көрсету бөліміне тифлозал, оқу залы, абонемент және дыбысхана жатады. Оқырмандарды кітаптармен қамтамасыз етумен қатар, түрлі тақырыптар мен айдарлар бойынша көпшілік іс-шаралар өткізіледі. Қазақ және орыс тілдерінде үнемі дауыстап оқу үйірмесі жұмыс істейді.

Абонемент оқырмандарға БНШ және ЖБШ кітаптарды ұсынады. Дыбысхана оқырмандарға дискілердегі және «МГФ» кассеталарындағы үндендірілген кітаптарды береді. Абонементте көзі көрмейтін оқырмандарға Брайль жүйесі бойынша жазылған жүйелі каталогпен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

Бөліміндерде тоқсанына 1-2 рет «музыкальная гостиная» клубы жұмыс істейді.

«Жігер»  - «Үміт» мектеп-интернаты балалары үшін апта сайын.

«КАС» - көзі көрмейтін пайдаланушылар үшін  - аптасына 2 рет.

«Тағдырластар» - жастар клубы – айына 1 рет.