2010-2012

Кітапхана қызметі туралы мақалалар

  1. 1. Көрме өтті [Мәтін] //Оңтүстік Қазқстан.-2010.-№ 40-41.-Б.№4.

Арнайы кітапханада «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, онда «Қылует» жерасты мұражайынан арнайы әкелінген жәдігерлер мен қатар, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, танымал құмырашы, этнодизайнер, академик Кендебай Қарабдоловтың қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

  1. 2. Көкірек көзі ояулар сынға түсті [Мәтін] //Шымкент келбеті.-2010.-15 қазан.-Б.2.

Арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен 14 ауданннан іріктеліп алынған зағип және әлсіз көретін оқырмандар арасында «Жанарым менің жүрегім» атты облыстық фестиваль Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өтті. Оған 83 үміткер қатысты.

  1. 3. Сенсорлы терапия [Мәтін] //Оңтүстік Қазақстан.-2010.-20 қаңтар.

Арнайы кітапханада, облыстық бюджеттен 1 млн. 600 мың тенге

бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Мұнда жанарынан

айырылған жандар дыбыстандырылған кітаптарды оқып, түрлі аңдар мен

құстардың дауысын ести алатын сенсорлық бөлме ашылды.

  1. 4. Қыдыр,Р.

Олардың өнеріне таңдана қол соғасыз [Мәтін] /Р.Қыдыр

//Замана.-2010.-№ 40.-Б.15.

Алдағы сейсенбі 12 қазан күні Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ерекше бір фестиваль өкелі отыр. «Жанарым менің жүрегім» деген бұл фестивальға Шымкенттегі зағип және әлсіз көретін оқырмандар қатысатындығы жайында.

  1. 5. «Жанарым- менің жүрегім» [Мәтін] //Оңтүстік Қазақстан.-2010.-24

тамыз.-Б.2.

Облысымыздағы арнайы кітапханада осындай тақырыпта І-ІІ топтағы көз мүгедектері арасында іріктеу байқауы өтуде. Байқау 4 тапсырмадан тұрады. «Жүзден жүйрік шыққандар» қараша айында өтетін қорытынды байқауда бақ сынасатын болады.

  1. 6. Ахметов,Ә.

Зағип жандар зарламайды [Мәтін] /Ә.Ахметов //Замана.-2010.-№ 41.-Б.4.

12 қазан күні Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Жанарым менің жүрегім» атты облыстық фестиваль өтті. Үміткерлер Созақ ауданынан Қ.Өмірұлымен, Түркістандық З.Құлахметовпен сұхбат.

7. Сұлтанқызы,Г.

Ерекше кітапханада өзгеше мереке болды. [Мәтін]/Г.Сұлтанқызы//замана.-2010.-№11.-Б.1,7.

Кітапханада «Наурыз» мерекесіне арналған «Үміт» мектеп интернаты оқушыларымен өткен іс-шарада «Тұсау кесу» рәсімі насихатталып, Ж.Шанин атындағы облыстық драма театрының әртісі, мәдениет қайраткері М.Шәкіров бір жастағы баланың тұсауын кесті. Ал, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, танымал құмырашы, этнодизайнер, академик К.Қарабдолов өзінің жасаған 12 түрлі аспаптарымен таныстырып, бірнеше сазды аспаптарда ойнап берді.

8. Қалмырзақызы,Г.

Көкірек көзі ояулар сынға түсті [Мәтін] /Г.Қалмырзақызы

//Шымкент келбеті.-2010.-15 қазан.-Б.2.

«Жанарым менің жүрегім». Осылай деп аталған байқау Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өтті. Оған зағип және әлсіз көретін 83 үміткер қатысты. Бүгінде өркениет санатынан көрініп жүрген еліміз әрбір азаматтың қоғамдағы қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етуде.

9. Бекенұлы,Н.

«Жанарым менің жүрегім» [Мәтін] /Н.Бекенұлы //Түркістан.-2010.-№37.-Б.8.

  1. 10. Алтаева,Ү.

Өмірін өнерімен, өлеңімен жұбатқандар[Мәтін]/Ү.Алтаева//Оңтүстік Қазақстан.-2010.-№156.-Б.9

Ш.Қалдаяқов атындағы олбыстық филармонияда өткен «Жанарым менің жүрегім» атты зағип және әлсіз көретін жандарға арналған облыстық фестиваль талай адамдарды ойлануға, тәубеге келуге жетелеген іс-шара болды.

11. Қонысбайұлы,Ш.

Мархабатты мектепте де оқиды[Мәтін]/Ш.Қонысбайұлы//Оңтүстік Қазақстан.-2010.-№88-89.-Б.11.

Қазақ әдебиетінде қабырғалы қаламгердің біріне айналған М.Байғұттың 65 жасқа толуына орай зағип оқырмандармен кездесу кеші мәнді де мағыналы өтті.

12. «Үміттің» балалары ардагер аталарға құрмет көрсетті [Мәтін]//Қызмет.-2010.-№14.-Б.2

Арнайы кітапханада Ұлы Жеңіс мерекесінің 65 жылдығына орай «Ер есімі ешқашан ұмытылмайды» атты кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары Ұлы Отан соғысының ардагерлері, үш дүркін Даңқ орденінің иегері Қ.Қалтаев пен майдангер В.Грибцов болды.

 

13. Ахметова,Қ.

Зағип жандарға оқу үшін жылына 50 кітап аз, ал біз үшін...[Мәтін]/Қ.Ахметова//Қызмет.-2010.-№9.-Б.8.

Арнайы кітапханаға бас сұққанымда, ондағы жайт мені таң-тамаша қалдырды. Кітапханаға келетін зағип жандарға жылына елу кітап оқып шығу аздық етеді екен...

14. Атабекқызы, Р.

Зағиптардың зарына құлақ аспай жүрген қай басқар ма?[Мәтін]/Р.Атабекқызы//Қаратау тәжі.-2010.-№8.-Б.1.

Кентау қаласындағы зағип жандар жағдайы, оларға қоғам қаншалықты қолдау жасауда т.б. мәселелер жайында.

15. Балтабекова,А.

Жасаған жақсылықтары жауапсыз қалмады [Мәтін] /А.Балтабекова //Теріскей.-2011.-16 сәуір.

  1. 16. Сманұлы,Ә.

Бұл кітапханаға 80 мың доллар беретін демеуші керек [Мәтін] /Ә.Сманұлы //Замана.-2011.-№14.-Б.10.

Таяуда әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық кітаптар күні аталып өтті. Бұл мерекеде Шымкенттегі кітапханалар да шет қалмады. Осыған орай  облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында болып, ондағы Брайль кітаптарын өндіру бөлімінің меңгерушісі Т.Бөріхановпен сұхбаттастық.

  1. 17. Балтабекова,А.

Зағип жанға қолдау [Мәтін] /А.Балтабекова //Егемен Қазақстан.-2011.-12 наурыз.

Өзгенің көмегі мен мейіріміне зәру, мүмкіндігі шектеулі жандар күнделікті өмірде жанымызда жүр. Олар тағдырдан жарымжандықты қалап алмады. Сондықтан ондай жандардың өмірге деген құштарлығы мен еңбекқорлық, ізденімпаздық қасиеттерін ұштау үшін қоғамның аялы қамқорлығы қажет.

  1. 18. Балтабекова,А.

Рухани- әлеуметтік көмек көрсетілді [Мәтін]/А.Балтабекова

//Молшылық.-2011.-№19-21.

Зағип Г.Жуашбаева есімді Созақ ауданы Сызған ауылдық әкімшілігіне қарасты Қайнар елді мекенде дүниеге келген, қазіргі таңда ОҚ Мемлекеттік университетінің ақылы бөлімінде оқитын, арнайы кітапхананың тұрақты оқырманы. Аудандық, облыстық түрлі байқауларға қатысып, жоғары биіктерден көрініп жүрген, кітапты саусағымен қиялай оқып, жыр жолдарын жадында сақтап, ән өнеріне деген құлшынысы жоғары қызға, аудан әкімінің қолдауымен бір жылғы оқу ақысы төленді.

  1. 19. Балтабекова,А.

Ел ағалары азаматтық танытты [Мәтін]/А.Балтабекова //Теріскей.-2011.-26 ақпан.

Зағип жандарға қолдау көрсетіп отырған аудан әкімі жайында.

  1. 20. Балтабекова,А.

Сауапты іс [Мәтін] /А.Балтабекова //Оңтүстік Қазақстан.-2011.-10 наурыз.-№37.

Зағип жандарға қолдау көрсетіп отырған аудан әкімі жайында.

  1. 21. Сманұлы,Ә.

4 мыңнан астам зағип қазақша кітапқа зәру [Мәтін]/Ә.Сманұлы

//Замана.-2011.-№11.-Б.4.

Арнайы кітапхана қорының қазақ тілінде толықтырылуы үшін көп қаражат керектігі жайында.

22. Тәуелсіздікке тәу еткен кеш [Мәтін] //Қызмет.-2011.-№4-5.-Б.2.

2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жыл көлемінде

көпшілік іс-шаралар жоспарланып отыр, соның бастамасы болып арнайы

кітапхана «Үміт» мектеп-интернаты балаларымен «Біз Тәуелсіздікке қалай

қол жеткіздік» тақырыбында кең көлемді іс-шара өткізді.