Жаналықтар
«Поэзия - менімен егіз бе едің»

18-ақпанда Шымкент қалалық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада «Тағдырластар» клубының «Поэзия - менімен егіз бе едің» атты кезекті басқосуы өтті. Іс-шараға аудандар мен қаламыздан келген оқырмандар, №8 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының демалушылары қатысты. Ербек Бакиев, Гүлмира Оразова, Мадина Ермаханова қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің жырларын оқып, әншілер Айнұр Смандияр, Рүстем Таиров және іс-шара қонағы Жұлдыз Қабылбекқызы әсем әндерін көпшілікке тарту етті. Ал жас ақын Сезім Мергенбай өзінің қаламынан туған бірнеше жырларын оқып өтті. Клуб жетекшісі Ербек Бакиев поэзиямен байланысты сауалдар қойып, қызықты ойындар ойнатып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыстады. Поэзияны терең ойға бағындырған ақындардың жыррларымен, құлақ құрышын қандырар әсем әндермен сусындаған оқырмандар алғыстарын білдіріп, ерекше көңіл күймен тарасты. Кеш соңында Ж.Қабылбекқызына кітапхана директоры Б.Нурманбетовтың атынан арнайы алғыс хат табыс етілді.

 
Жылулық оты сөнбесін жүректерде

10 ақпанда Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен «Еріктілер» жылы аясында № 8 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына және Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының оқушыларына «Жылулық оты сөнбесін жүректерде» атты концерттік бағдарламасын тарту етті. Концерттік бағдарламада биылғы жылдың айтулы даталарына тереңірек тоқталып ақпараттар берілді. Әбу насыр Әл-фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Шымкент қаласының 2200 жылдығы жайында айтылды. Кітапхана қызметкерлері Балташ Еңсепбаев, Мадина Ермаханова әуелетіп ән шырқаса, Сейілхан Жарымбетов маңызды мағлұматтармен бөлісті. Гүлмира Оразова, Ербек Бакиев өлең оқып, жырдан шашу шашты. Сонымен қатар Ақмарал Тоқсанбаева, Нүрия Набиева тақырыпқа сай кітап көрмелерін жасақтап, көрермен назарына  ұсынды. Аталмыш концертті ерекше тамашалаған орталық демалушылары мен мектеп оқушылары өз алғыстарын жеткізді. «Үміт» мектеп-интернатының директор орынбасары Ақтолқын Ағабекова сөз алып өз ризашылығын жеткізіп, кітапхана ұжымына рахметін жолдады.

 
«Тіл –татулық тірегі »

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл –татулық тірегі » атты іс-шара өтті.

Іс-шараға кітапханамыздың көптеген белсенді оқырмандары келіп қатысты. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгілеуінің өзіндік себебі бар. Бұл күні – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.

 
«Шырайлы Шымкентім жанымның бір бөлшегіндей»

30 сәуір күні Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Шымкент қаласының Республикалық маңызы бар мәртебеге ие болуына орай Шежірелі Шымкенттің имиджін көтеру мақсатында және зағип оқырмандар арасында талантты дарынды өнерпаздарды анықтап, көпшілікке таныту мақсатында «Шырайлы Шымкентім жанымның бір бөлшегіндей» атты байқау өткізілді. Байқауға І топ ІІ топ көзмүгедектері жас ақындар өздерінің Шымкентке арналған өлең жырларын ұсынса, қолөнер шеберлері қаланың көркін келтіретін келбетті дүниелерін тарту етті. Байқауда топтан оза шапқан өнерпаздар анықталып, оларға арнайы алғыс хаттар мен кітапхана атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Кентау қаласынан Оразова Гүлмира, Жетісай ауданынан  Жұмабай Лаура шахар бейнесін тәтті жырға арқау етсе, Жұмабай Айшабибі он саусағынан өнер тамған жас өрен қолөнер туындыларымен көпті тамсандырды.

 
Ұлы даланың жеті қыры

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын ұжым арасында талқылап өз ойларымен бөлісті.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жалғасы боп саналатын Елбасының жаңа мақаласы, қазақ халқының көп ғасырлық мұрасын жаңғыртуға мүмкіндік беретін жаңа жобалары мен кешегі өткен ата бабаларымыздың тарихынан терең сыр шертіп, жалпы адамзат өркениетіндегі орнын айқындап көрсете білген.

Біз де өз тарапымыздан жан жақты рухани қолдап кітапханамызда насихаттау жұмыстарын жүргізіп атсалысамыз.

 
2018 жылғы 5 қазандағы Елбасы Жолдауы

Арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанда жариялаған Қазақстандықтардың әл–ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ұжым арасында талқылаудан өткізді. Елбасы Жолдауының ең басты ерекшелігі халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталып, айтылған барлық басымдықтар миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартады деген сенімдеміз.

 
Өрт-тілсіз жау

4.10.2018ж Өрт-тілсіз жау тақырыбында іс-шара өтті. Қысқы маусымға дайындық қарсаңында әр-түрлі жағдайлар болып жатады. Сол жағдайларды болдырмау мақсатында іс-шара өткізіліп түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көрнекіліктер көрсетілді.

 
«ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»

«ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОЛДАНБАСЫ АРҚЫЛЫ

ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Назарларыңызға «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қолданбасын ұсынамыз. Қолданба география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.

Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D-нысандар, панорамалар, инфографикалар, интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылған.

Қолданба Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер және бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қолданбаны AppStore, Play Market, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТЕЙІК!

Қолданбаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://mfa.gov.kz/kz/content-view/kazahstan-strana-velikoj-stepi-13

 
Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-шара

Тағы да діни экстремизм және терроризм туралы да айтып өтілді. Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат екені қызметкерлер мен оқырмандар арасында түсіндірілді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 Келесі > Соңы >>

Страница 1 из 3