Жаналықтар
Жемқорлыққа жол жоқ!

Кітапхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына құқықтық түсіндіру, тифломағлұмат беру, жемқорлыққа жол бермеуді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Кітап көрмесі насихатталды.

 
Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында   Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа жариялаған үндеуі  әріптестер арасында өзара талқыланды. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» өркендеу үшін  жаңа алғышарттар жасап қарапайым халықтың жағдайын, тұрмыс тіршілігін көтеруге барынша қолайлы мүмкіндіктер туғызып отыр. Ұжым бірауыздан  Елбасыны толық қолдап, өз тарапымыздан Үндеудегі бастамалар  бойынша барынша жұмыс жасайтынын айтып өтті.

 
2018 Елбасының Жолдауы

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжым арасында талқылап негізгі алға қойған 10 бағытқа тоқталып өтті. Ұжым Елбасының Жолдауын толықтай қолдап және оны іске асыруға бірлесе жұмыс жасайтынын айтып өтті.

 
Терроризмге қарсы іс-шара

Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері арасында ОҚО ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті тарапынан жаңадан инфографикалар мен жадынама әзірленіп, облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көрнекіліктермен толықтай таныстырылды.

 
«Ұлағатқа бастар, ұлттық бағдар»

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттап, оны іске асыру барысында еліміздің кез-келген өңірінде көптеген жобалар жүзеге асып отыр. «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген барлық бағыттар негізінде руханиятымызға бет бұрылды. Бұл күнде Оңтүстік өлкесіндегі көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана ұжымы да Елбасымыздың мақаласын насихаттау және оны жүзеге асыру барысында  кітапханада сәуір айынан бері бірнеше іс-шаралар атқарды.  Қыркүйек айының 13-15 күндері арнайы кітапхана жанынан ақпаратты - насихат тобы құрылып, өз жұмысын кітапханалық пункттерінде жалғастырды: Облыстық офтальмологиялық ауруханасы, Облыстық мүгедектерді бейімдеу және  сауықтыру орталығы, көзі көрмейтін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты.

 
Дойбыдан Қазақстан Чемпионатына іріктеу турнирі

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының оқу залында  2017 жылдың 18 ақпанында дойбыдан (шашки) көз мүгедектері арасында Астана қаласында өтетін Қазақстан Чемпионатына іріктеу турнирі болып өтті. Іріктеу турниріне арнайы кітапхана қызметкерлері, Қазақ Соқырлар қоғамы мүшелері, әлсіз көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты оқушылары қатысты. (Жаттықтырушылары Қ.Алдажұманова, Ш.Сәкенқызы).

Іс-шарада «Отырар» телеарнасының түсіру тобы болды.

 
Жолдау

2017 ж. ақпан айының  3 жұлдызында ОҚО арнайы кітапхана қызметкерлері «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына талдау жасап, танысып-білу сағатын өткізді. «Жолдауды қолдау, өрлеу мүмкіндіктері. Послание-путь к обновлению и прогрессу»  атты тақырыпта өткен саяси сағатты, кітапхана директоры:  Жолдаудың маңыздылығы мен болашағына қысқаша тоқталып өтті. Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографтары әр бөліміне тоқталып толыққанды ақпарат берді. Талдауға арналған Жолдауды ұжым толығымен қолдап, өз салаларына қатысты айтылған тапсырмаларды жандандырамыз деп тарасты.

 
ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында кәсіби деңгейді көтеру мақсатында «Кітапхана және қоғам: ұлттық идея, ұлттық мақсат» тақырыбында өткен облыстық семинар. (ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына, Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына орай)

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 28 наурыз, сағ 10-00.

Облыстық семинарға қатысқандар:

Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры – Ханбибі Есенқарақызы;

Арнайы кітапхана, аудандық филиалдар, пункттер қызметкерлері.

 

Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осындай іс-шараның бірі биылғы жылғы аталып өтілетін Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына орай облыстық семинар өткізілді. Семинарға «Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын!» тақырыбында кітап көрмесі безендіріліп, баяндама дайындалып, шолу өткізілді.

Семинарда төмендегідей өзекті мәселелер талқыланды:

  • «Арнайы кітапхана қызметінде – Тәуелсіздіктің алар орны»
  • «Ұлттық идея, ұлттық мақсат: ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» - «Қазыналы Оңтүстік» кітабының топтамасы бойынша.
  • «Ұлт тарихындағы қилы кезеңдер: ұлт-азаттық қозғалысына 100 жыл»

ОКО арнайы кітапханасының  директоры Б.Ә.Нұрманбетов алғы сөзімен бастап, барша кітапханашыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі. Кітапхана директорының орынбасары Ұ.М.Тұранбаева кітапхана қызметкерлері өздерінің тәжірибелерін жүзеге асырудағы, оқырмандар жұмыс жасаудағы және түрлі шараларды өткізудегі бірнеше әдіс-тәсілдері мен жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Семинарға облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының  директоры Ханбибі Есенқарақызы  қатысты. Хан-апамыз қазақ елінің неше жыл кеңес дәуірінің құрсауында болғанын, түрлі қиын кезеңдерден өтіп, өз алдымызға егемендік алып, Тәуелсіз Республика болып шығуымыздың түрлі бастауларынан бастап, қазіргі кезеңге дейін кең түрде жан-жақты баяндап берді, өзінің кітаптарынан үзінділер оқыды.

Ақын апамызға кітапханашы қызметкерлері сұрақтар қойып, үлкен әсермен, шабытпен тыңдады.

Семинарды облыстық кітапхана директоры Б.Нұрманбетов қорытындылап, кітапханашы қызметкерлеріне алдағы істеріне бағыт-бағдар берді.

 

 
Арнайы кітапхананың 2015 жылда атқарылған жұьыстары жайлы есебі

Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары А.Темірхан атқарылған іс-шараға оң бағасын берді.

Жиналыс соңында ұжым басшысы мен ұжымға 2016 жылда атқарылатын іс-шараларға сәттілік тілеп, діни экстремизмге, жемқорлыққа, т.б. келеңсіз жәйттерге абай болуды ескертті.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции