24012020
Іс – шаралар

Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту ЮНЕСКО көлемінде шешімін тапты.

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту арқылы-күллі түркі дүниесінің киелі мекені ұлы далада, көне қазақ жерінде өркениеттің салтанат құрғанын әлемге тарату, Тәуелсіз елімізді, халқымызды насихаттау. Оқырмандарға ұлы ғұламаның халық үшін жасаған еңбектерін толыққанды насихаттау үшін, алдымен кітапханашы білімді, кәсіби маман болу қажеттігі анық. «Көп білген артық болмас...» деген мақсатта, қосымша ақпараттар алу үшін, арнайы кітапханаға педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Құрбаналиев Бауыржан Өмірзақұлы мен тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Жақаш Досмұхамбет Балтабайұлы шақырылды. «Қайырымды қала-Шымкент» концепциясын, ұлы ұстаздың «Қайырымды қала» трактаттарымен сабақтастыра отырып жеткізген, білікті де, білімді азаматтардың тың ақпараттары тәрбиелік мәні зор, тарихи-танымдық бағытта болды.

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

sound by Jbgmusic