«Жүректерді тербетеді ән мен жыр»
Іс – шаралар

06.11.2019ж. Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Жүректерді тербетеді ән мен жыр» атты шығармашылық кеш өтті. Кеште әсем әндер мен тәтті жырлар оқырман жүрегіне тарту етілді. Мүгедектерді сауықтыру айлығында өткен іс-шарада Халықтар достығы университетінің бір топ талантты жастары Батырбай Арайлым, Әмзе Камила, Әмзе Нурила, Ақылбекова Арайлым, Ақылбекова Нұрайлым өнер көрсетіп, көрермендерді қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, кітапхана қызметкері Ақберен Жолдасбек әке туралы ән мен өнегелі өлеңін шалқыта орындады. Шығармашылық кешке арнайы кітапхана оқырмандарымен қатар № 8 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының демалушылары қатысты. Кеште кітапхана оқырманы, белсенді азамат Аширов Әсет Назарұлының 63 жасқа толған туған күніне оқырмандар ақ тілек, жылы лебізін жолдады

.

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

sound by Jbgmusic