КАС зағиптарға арналған компьютер сыныбы

Компьютер. Ақапарат. Сауықтыру.

«КИР» (КАС) 2004 жылдың қараша айында құрылды. Ең алдымен Virgo үндендірілген программасымен жабдықталған үш компьютер ғана болды. Оқырмандардың қажеттіліктеріне және біздің арнайы кітапхананың мүмкіндіктеріне байланысты тифлотехникалар, жиһаздар жаңаруда. Осы жылы біз компьютер класын интернет жүйесіне қосуға қол жеткіздік. Біздің оқырмандарымыз интернетке еркін қол жеткізе алатын болды.

Біздің оқырмандарымыз, ең алдымен, Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуды үйренеді. Оқып үйрену үшін 1-2 ай уақыт кетеді. Сонан соң біз жеке компьютерді пайдалану негіздерін үйренуге көшеміз. Ары қарай интернетті пайдалану үйретіледі.

Біздің клубымыздың іс-әрекеті сауықтыру орталығына дейін таратылды. Сауықтыру курсына келген азаматтар Брайль жүйесін және компьютер сауаттылығын сауықтыру орталығында үйрене алады.

Біздің клубымызда үйренушілер санының жас ерекшеліктеріне шек қойылмайды. Бізге қазіргі заманғы тифлотехниканы үйренуге ықыласты қартаң оқырмандар да келеді. Жас оқырмандар Брайль жүйесі бойынша жазу және оқу негіздерін үйренеді. Сонымен қатар біз оқу, сондай-ақ каникул кездерінде мектеп жасындағы оқырмандарға да түрлі қызметтерді көрсетеміз.

Компьютерлік сауаттылық пен Брайль жүйесін үйренудің негізгі сабақтарынан бөлек түрлі әңгімелер, пікірталастар өткізіледі. Оқырмандар арасындағы шашкіден жаттықтырулар, турнирлер сияқты спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

Біздің класымыз қандай құралдармен

жабдықталған

Бізде Брайль жүйесі бойынша жазу машинкасы бар. Бұл зағиптар үшін мәтіндерді теруді жеңілдетеді.

Компьютерге жалғанған электронды лупа әлсіз көретін оқырмандардың мәтінді немесе суреттерді үлкейтіп және ол үшін ыңғайлы түсте көруіне көмектеседі.

Компьютерлер дыбысты программалармен жабдықталған.

Көзі көрмейтін азамат Jaws  for Windows және Virgo программаларын пайдаланып дисплейдегі мәтінді ақпараттарды дыбысты түрде сондай-ақ олардың командаларымен ендірілген және клавиштерге басылған дыбысты хабарламаларды қабылдай алады. Яғни, көзі көретіндердің компьютер мониторында көргенін, көзі көрмейтіндер естиді.

Сондай-ақ, әлсіз көретіндер сияқты көзі көрмейтіндер де бір үлгідегі кітаптарды, журналдарды пайдалана алады. Ол үшін тексті компьютерге түсіретін сканер пайдаланылады. Ары қарай дыбысты программалардың көмегімен оқуға, түзетуге және басып шығаруға болады.

Көпшілікке «книголюб» кітап оқитын машинасы танымал. Онда:

  1. Жазық баспалы басылымдарды тыңдауға көмектесетін сканер;
  2. МП-3 және  dasy форматындағы компакт-дискіде сақталатын әдебиеттерді дыбыстандыратын дисковод;
  3. Флешканы қосатын және дыбыстандырылған нұсқаны сақтайтын, сосын кез-келген басқа компьютерде тыңдауға болатын USB – порттар бар.

Көру қабілеттерінде кемістіктері бар адамдар үшін интернет баға жетпес құрал, барлық адамдармен тең дәрежеде өздігінен білім алуға, өздігінен сауығуға мүмкіндік береді. Көзі көрмейтін оқырман Virgo программасымен, Брайль жазуларымен жабдықталған компьютерді пайдаланып интернетке, электронды кітапханаға қол жеткізіп, қажетті оқулықтарды таба алады. Интернет арқылы олар бір-бірімен түрлі қалаларда, елдерде болса қарым-қатынас жасай алады, түрлі ойындар ойнайды. Интернетте мүгедектердің түрлі проблемаларына, өмірлеріне арналған көптеген сайттар бар. Олардың ішінде мүгедектер құқықтары бойынша көптеген пайдалы кеңестер бар. Қазақстан мүгедектеріне арналған сайтты, сондай-ақ түрлі тақырыптар бойынша рефераттар, пайдалы сілтемелер, ғылыми және сын материалдарын табуға болатын білім саласындағы сайттарды атап өтуге болады.

Брайль жүйесін меңгерген зағиптар үшін бізде Брайль дисплейі бар. Бұл, ең алдымен, текстерді бедерлі-нүктелі Брайль жүйесі белгілерімен қабылдауға көмектесетін Брайль дисплейі (Суперварио). Яғни, бұл дисплейде Брайль жүйесін меңгерген зағиптың сезіну арқылы оқып білуіне болатын барлық мәліметтерді бедерлі-нүктелі жазулар түрінде болады.

 

 

 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции