Жобалар, бағдарламалар PDF Print E-mail
Авторлар: Super Administrator   
15.07.2013 01:07

2011

 

«Жанарым менің жүрегім» фестивалі

  • Арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі он төрт

аудан арасында І-ІІ топтағы көз мүгедектері (зағип және әлсіз көретіндер) арасында «Жанарым  менің  жүрегім» тақырыбында байқау ұйымдастырылып шілде, тамыз айларында  аудандар арасында өткен іріктеу кезеңінен кейін, 2010 жылдың 12 қазанында облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда облыстық фестиваль өткізді. Алғашқы іс-шара болғандықтан, жас ерекшелігіне шектеу қойылмады.

Фестивальдің мақсаты: Бұл күндері өркениетті елдердің қатарынан көрініп келе жатқан Қазақстан Республикасы әрбір азаматтың қоғамдағы қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етуде. Осыған орай мүмкіндігі шектеулі яғни, зағип қамкөңіл жандардың интеллектуалдық қабілеттерін ескере келе, ақпаратты кеңістікте насихаттап, жүректеріне шырақ, көңілдеріне шуақ сыйлау. Оларға қоғам ортасында тең екендіктерін сезініп жүрулеріне қамқорлық жасап, қолдау көрсету. Қоғамда өз орнын тауып, биік белестерге жеткен зағип азаматтардың өмірін арқау етіп, көз жанарынан кейін айырылған азаматтармен әлеуметтік-сауықтыру жұмыстарын жүргізу.

 

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өтті:

1. «Жыр-жүректің бұлағы»

Ауқымды тәрбиелік мәні бар өлеңді мәнерлеп, жатқа оқу.

(егер автор өзі болса, қосымша ұпай қосылады)

 

2. «Өнерлі өрге жүзер»

Әрбір қатысушы өзінің талғамы бойынша қолөнерін ұсынып, жұмысына талдау жасап, қалай аталады, неден, қалай  жасалынды, аталынуының себебі т.с.с. жұмысын қорғайды.

3. «Жанарым менің жүрегім»

Авторлық әндер, өлеңдер, сазгерлік қасиеті болса нотасын ұсынуы қажет.

4. «Ән көңілдің ажары»

Еркін тақырыпта эстрадалық-вокалді әндер байқауы.

 

 

 

  • «Жанарым менің жүрегім» атты фестивалға Оңтүстік Қазақстан

облысы бойынша он төрт ауданның барлығы да ат салысты. Аудандардағы арнайы кітапхана филиалы кітапханашылары өз оқырмандарының қатысуына қолғабыс беріп, демеп отырды.

  1. «Жыр жүректің бұлағы» – номинациясы бойынша 12 талапкер
  2. «Жанарым менің жүрегім» – номинациясы бойынша 9 талапкер
  3. «Өнерлі өрге жүзер» – номинациясы бойынша 43 талапкер
  4. «Ән көңілдің ажары» – номинациясы бойынша 20 талапкерлер

іріктелініп, облыс деңгейінде өзара сайысқа түсті.

 

«Брайль және Брайль жүйесі» байқауы

Арнайы кітапханада жыл басынан кәсіби деңгейді көтеру мақсатында өткізілген көптеген іс-шаралар әйгілі француз тифлопедагогы Л.Брайльдің туғанына 200 жыл толуына арналды.

•   Луи Брайльдің туғанына - 200 жыл толуына орай,
кітапханашылар арасында «Брайль және Брайль жүйесі» бойынша
«Үздік кітапханашы» байқауы өтті. Брайль - зағиптарға арналған алты
нүктелі жазу шрифтінің негізін қалаушы. Қазір бұл шрифт - «Брайль
шрифті» деп аталынып, зағиптар үшін үлкен қызмет көрсетіп келеді.
Байқаудың мақсаты:

Арнайы кітапхана қазіргі таңда, көз мүгедектеріне қызмет көрсететін Қазақстандағы ең ірі, мамандандырылған кітапханалардың бірі. Кітапхананың қызметі - көз мүгедектеріне басқа азаматтармен тең дәрежеде жылдам ақпарат алуына кәсіби жағдай жасау.

 

2012

 

Жобалар, бағдарламалар

 

Көз мүгедектерінің өмірге деген ынталарын арттыру мақсатында 2010-2012 жылдарға

жоспарланған жоба, зағип және әлсіз көретін оқырмандар арасында «Жанарым менің жүрегім» атты облыстық  фестивальдің қорытынды кезеңі өтті. Фестиальға жергілікті БАҚ өкілдері, көптеген демушілер тартылды.

Фестивальдің мақсаты: зағип азаматтардың  интеллектуалдық  қабілеттерін ескере келе, қоғамға таныстырып, ақпаратты кеңістікте насихаттап, жүректеріне шырақ, көңілдеріне шуақ сыйлау. Өнер – өмірдің өзі десек, бұл іс-шара өнер мен өмірдің мерекесі болды. Бұл байқау – сенім мен үміттің, өнер мен өмірге деген қайсар құштарлықтың мерекесі болды. Қатысқан үміткерлер – тағдырдан қағажу көрсе де, қанаттары қайырылмаған, жүректеріне әсемдік пен сұлулықтың гүлін еккен, айналаны көзбен емес, көңілмен аялаған айырықша дарын иелері.

Фестивальға демеушілерден жиналған 1200,0 қаржы жұмсалды: теңгелей сыйлықтар, алғыс хаттар, дипломдар, жарнамалық кітапшалар, буклеттер, шақыру,  жатын жер, түскі аспен қамтылды.  Әр номинация бойынша, демеушілердің шешімі бойынша (таңдауы) бір 1-ші орынға 30 мың тенге, екі 2-ші орынға 20 мың тенге, үш 3-ші орынға 10 мың тенге, қосымша ынталандыру сыйлықтары, типографияда дайындалған алғыс хаттары мен дипломдары берілді. Бүкіл қатысқан үміткерлер саны 46 болды.  24 үміткер орындарға ие болып бағалы сыйлықтар мен дипломға ие болса,  басқа қатысқан 22 үміткерге ынталандыру сыйлығы «Ұялы телефон»  және алғыс хаттар берілді.

 

Фестиваль төмендегіноминацияларбойыншаөтті:

1. «Жанарымменіңжүрегім»

ОңтүстікҚазақстаноблысының 80 жылдығынаарналғанавторлықәндер, өлеңдер.

2. «Өнералды - қызылтіл». Еркінтақырыптатермеорындау.

3. «Жыр-жүректіңбұлағы».

Халықжазушысы, ақын, қоғамқайраткеріжерлесімізМұхтарШахановтың 70 жылдығынаарналады: автордыңөлеңінмәнерлепоқунемесеақынғаарналыпжазылғанүміткердіңөзөлеңі.

4. «Әнкөңілдіңажары»

Жергіліктіақын – композиторлардыңәндері. Табиғидауыста, еркінтақырыптаэстрадалық - вокальдіәндербайқауы.

  • Зағип және әлсіз көретін оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында -

оқырмандар арасында бедерлі – нүктелі, дыбыстандырылған кітаптардың қай сала бойынша және қай авторды ұнататындықтарын анықтау үшін, тұрақты жүргізілетін сауалнама (анкета) екі тілде дайындалып,  зерттеулер жүргізу арқылы, сұранымдағы кітаптар шығарылды. Зерттеу барысында дыбыстандырылған кітаптарды қажет ететін оқырмандар 83 % көрсетіп отыр.Оқырмандар сұраныстары бойынша, арнайы кітаптардың мемлекеттік тілде жетіспеушілігінен «дыбысты кітаптарды өндіру» және «брайльша кітаптарды өндіру» бөлімдерінде қазақ тілінде кітаптарды көбірек шығару қамтылды.

  • Жыл көлемінде кітапханада өткен ауқымды іс-шараларға жергілікті, республикалық

БАҚ өкілдері қатысып, қоғамды кітапхана өмірінен хабардар етіп отырды. Арнайы кітапхананың қызметін: дыбысталынған және бедерлі-нүктелі кітаптардың шығарылу техникасын және оларды зағип оқырмандар қалай пайдалана алатындығы, кітапханадағы зағип қызметкерлердің өмірлері жайында, жергілікті «Шымкент-Қазақстан»,

«Отырар» телеарналары өз бағдарламаларында арнайы сюжеттер жасап, екі тілде көрсетті.

Газет – журналдар бетінде жарияланған мақалалар:

  • Кітапхана бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыстар

жүргізді.«Сауықтыру айлығына» құжаттар дайындалды, әдістемелік көмек берілді.

2013

"Отбасы тынысы"

2013-2014 жылдарға жоспарланған зағип және әлсіз көретін отбасылары арасында "Отбасы тынысы" атты облыстық байқау өтті. Ауданаралық іріктеу кезеңі мамыр-маусым айларында іс-сапар барысында анықталған болатын.

Облыстық байқау 23 қазанда, Шымкент қаласы, "Достық"  қонақ үйінің конференция залында (Халықаралық мүгедектер және зағиптар күндеріне аясында) өтті. Байқауға жергілікті БАҚ өкілдері, 50-дің үстінде демушілер тартылды. Байқаудың мақсаты: көз мүгедектері жанұялары мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту. Отбасылық оқырмандарға рухани азықты арнайы, өнеге боларлық ұлттық салт-дәстурлерді, тәрбиелік маңызы жоғары патриоттық сезімдерді насихаттау.

Байқау 5 турдан тұрды: (жалпы турлар бойынша бағаланды)

1. "Жүздін түсін танығанша, бірдін атын біл" (Әр отбасы өздерін қысқаша таныстырып өтті берілген уақыт 2 минут, үй тіршілігіндегі ролик дыбыссыз көрсетіліп тұрды)

2. "Отбасының рухани мәдениеті"  (Шығармашылық деңгейі бағаланды. "Бір ел- бір кітап" ақциясы аясында тандалған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Ф. Щңғарсынованың "Дауа" атты өлендер топтамасынаң өзі қалап таңдаған өленің мәнерлеп жатқа щқыды)

3. "Мақал - сөздін мәйегі" (Отбасы, тәрбие туралы мақал-мәтел, жанылтпаш жалғастырды)

4. "Алтын күз жемістері" (Үй тапсырмасы: күз жемістеріне арналып дайындалған қщлөнерлеріне түсініктеме (комментария) беріп, қазылар алдында ұсынды)

5. "Өнерлі - өрге жүзеді" (Отбасылардың өнеркөрсету сайсы).

Жаңартылған 09.04.2014 15:37
 

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции