«Аталар мұрасы – халық қазынасы» («Мәдени-мұра бағдарламасы» бойынша)
Іс – шаралар

Өткізілген уақыты: 20 қаңтар, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді оқырмандарға ұғындыру.

Ертедегі  ата бабаларымыздан қалған ескерткіштер мен мұралар жыл өткен сайын көптеген археолог ғалымдардың  ізденістері мен жұмыстары арқасында табыла түсуде. Табылған мәдени мұраларымыздың қазақ халқына деген таптырмас құндылығына сөз жетпейді. Сол ескерткіштер арқылы біз сан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың тыныс тіршілігін,  салт дәстүрін  танып білуімізге болады. Қазіргі таңда ескерткіштер мен мұраларды қалпына келтіру жұмыстары жаппай қарқын алуда. Осы орайда арнайы кітапханамызда өтетін кезекті іс-шарамызды қаламызда орналасқан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен  әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына арнайы кітапханамыздың оқырмандарына   саяхат ұйымдастырдық. Қаламыздағы жаңадан ашылған тарихи-өлкетану музейінде орналасқан құнды заттар мен экспонаттарды  зағип оқырмандар қолымен ұстап, қазіргі заманға баға жетпес дүниелер екенін сезінді. Бұл сапарымыздан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың алған әсері өте көп десек болады. Табиғат та өз шуағын аямай төгіп  оқырмандарымызға мейірлене  қарасқандай  болды.

 

 

 
«Ақындық өнер және Жамбыл мұрасы» (Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл)
Іс – шаралар

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 16 қаңтар, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Жамбыл бабамыздың өмір баянын таныстыра отырып, байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада  дәріптеп соны мазмұнымен байытып жеткізгендігін насихаттау.

Арнайы кітапханада аталмыш тақырыпқа сай жыр- жырау орындаудағы сайыс өткізілді. Осы сайысқа қатысушы оқырмандарымыз: С.Құдайқұлов, Қ.Юсупов, Ә.Қонысбеков, М.Бегалиевтер,  ұлы домбыраның үнімен айтыс –жырау арқылы  Жамбыл  Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы екенін Жамбыл бабамыздың жыр- жырауларын жатқа айтып,  шындықты  замана болмысын жасырмай суреттегенін, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлағандығын, күйініп те, қиналып та сөйлегендігін жарысқа қатысқан  оқырман  қауым  жеткізе алғандай. Тағы бір айта кетер жай, Ө.Төлепов оқырманымыз  Жамбыл бабамыздың «Ленинградтық өренім» атты өлеңін жатқа айтқанда: өзінің нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, жырлары, майдандағы  әр ұлттан құралған  жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрғандығын мәнерлеп, жеткізе білді. Оқырмандарымыз  осы  өткен сайысқа дән ризашылығын айтып, үлкен жастағы оқырман аталарымыз сайысқа қатысушыларға баталарын беріп, ақ тілектерін  айтып тарқасты.

Кітап көрмесі: «Бабалар асыл даналар»

Қойылған кітап саны: 16 дана, жазық баспалы әдебиеттер, кіші қалыпты мүсіндер, әдістемелік, бедерлі – графикалық құралдар, баспа материалдары.

Берілгені: 12 дана

 

 

 

 
«Елім деп өткен, мұхиттай мөлдір тарландар» (Алғаш ҚазКСР Мемлекеттік Гимні авторларының бірі Қ.Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл)
Іс – шаралар

Өткізілген орны: Оқу залы

Өткізілген уақыты: 12 қаңтар, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: «Ғалымның есімі–келешек ұрпағына арнаған сөздері, Абай арқылы, «жылы жүрек және ыстық қайратпен» мәңгілік есте қалуы тиіс. Қазақ интеллигенциясының шынайы өкілі Қайым Мұхамедхановтың соңына қалдырған мұрасы– өміршеңдік, шынайы ақиқат, ерік-жігер, бекзаттық, рухани тазалық, биікке ұмтылу қасиеттері туралы оқырмандарға мағлұмат беру.

Оқырмандарымызға рухани азық ретінде жылдық жоспарымызға алдыңғы буын ағаларымыздың мерейтойларын қосып отырамыз. Міне осындай бір мерейтой иесі биыл 100 жасқа келіп отырған Қайым Мұхамедханов ағамыз. Қалың жұртшылық бұл кісіні көбінесе кеңестік Қазақ республикасының мемлекеттік әнұранына мәтін жазған ақын ретінде біледі десек,  екі тармақ өлең туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Ол кісі тек өлең ғана жазып қоймай, ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, әрі алғашқы текстологы, ұстаз ақын, жазушы, драматург. Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, жарияланған 800-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Шәкәрімтанудың негізін қалаушы.   КСРО Жазушылар одағының мүшесі, әдеби аудармашы, Семейде Абайдың мұражайын ұйымдастырушы.Көптеген пьесаларды қазақ тіліне аударған.

Осы орайда Абай сөзіне ден қойсақ:

Ақыл  мен жан – мен өзім, тән менікі,

Мені мен менікінің мағынасы екі.

"Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

"Менікі” өлсе өлсін, оған бекі, – дейді ақын.

Осы санаттағы ажалсыз "Меннің” иесі ең алдымен Абай ағаның өзі десек, ақын жолымен жүрген ізбасарлары мен рухани мұрагерлері де уақыт пен кеңістікте әлдебір межемен шектелмей, өмірлерін жалғастыра бермек. Сондай бірегейлердің бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедханұлы.

Іс-шараға жиналған оқырмандар ақынның өмірбаяны және өнердегі шығармашылығынан үзінділерді ынта шынтасымен ден қойып тыңдап отырды. Өзінің тынымсыз еңбегімен, өнеге өсиетімен келер ұрпаққа үлгі боларлық қаншама істер қалдырған азамат.

Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,

Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.

Ары мен азаттығының жолында қазақтың бары мен жаны құрбан екендігін кеңестік билікке (Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі он сегіз жылда Кеңес одағының әнұраны жоқ еді) алдын-ала ескерткен деп ұғынуға лайықты осы сөздердің ақиқа­тына 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл адамзат көз жеткізді. Намысына тиген, еркіндігін құрсаулаған империяның оспадар өктемдігіне бостандықсүйгіш қазақтың ұлдары мен қыздары бұратаналар ішінде қаһармандықпен бірінші болып қарсы шығып тәуелсіздікке жол ашты. Ақын Қайым желтоқсан қасіреті мен құдіретіне арнаған ғибратты тұжырымын сол кезде жырға айналдырып айтудан тайсалмаған болатын.

Қызыл қыршын қазақтың ұл-қыздарын,

Адал жүрек, ар-намыстың құлдарын,

Мәңгі бақи ел есінен кетер ме

Сөгіп, соғып, қанын төгіп қырғаның!

Ақын сөзінің азаматтық арқауы босаңсыған сәті жоқ. Елдік, адамшылық мұраттарды қозғайтын жайлардың баршасына қолма-қол үн қатудан айнымағандығын желтоқсаншыларға бағыштаған дұға-батасы, жендеттерге лағнет-қарғысы дерлік жоғарыда келтірілген үзінді дәлелдеп тұр емес пе?! Әрдайым ізгілікті көксеген жүрегінен бұрқ етіп атылған жыр шумақтары аз емес. Ақынға арналған оқу залында қөрме ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның кітаптары және ол туралы баспасөзде жазылған материалдар қойылды.

Іс-шара соңында Қайым Мұхамедхановтың мәтініне жазылған ең алғаш Қазақ елінің әнұраны орындалды. Әнұранды жүрек тебіренісімен тыңдаған оқырман қауым ерекше бір сезімге бөленіп, туған жерге деген сүйіспеншілігі арта түсті.

 

 

 

 

 
«Билердің сөзі – ақылдың көзі» (КР тәуелсіздігіне - 25 жыл)
Іс – шаралар

Өткізілген орны: Тифлобөлім

Өткізілген уақыты: 9 қаңтар, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: Өткен ата-бабаларымыздың тарихымен таныстыру, өз елінің өткен тарихына құрметпен қарау, ынтымаққа, адамгершіліке насихаттап мағлұматтар беру.

Арнайы кітапханада аталмыш тақырыпқа сай тарихи танымдылық кеш өткізілді. Осы орайда, қазақ елінің ғасырлар бойғы арманына қол жеткізіп, тәуелсіздікке жеткен жолдары баяндалды. Қаншама қилы кезеңдерде ұлан ғайыр жерімізді сақтап, ұлттық рухымызды жоғалтпай, егеменді еркін елге айналып отырмыз. Танымдылық кеш Бәйдібек би, Кішікұлы  Әнет би, Қарауылұлы  Шілменбет билердің  өмірбаянымен таныстырды. Кеш тәуелсіздік тақырыбындағы ой-толғаулар мен түрлі тарихи және ұлттық тәрбиелік мәні бар мағлұматтар оқырмандарға жеткізілді. Жиналған оқырмандар жастар жағы өздерінің жан-жақты пікірлерін айтып жатса, қариялар жағы Тәуелсіздікке жеткенімізге шүкір, тыныштығымызды тұрақты, бейбітшілігімізді берік те баянды, азаттығымызды тұғырлы болсын деп ақ бата-тілектерін ақтарып салды. Бабалар арманы бүгінде біздің басымызға бақ болып орнады. Ендігі жерде тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, келер ұрпақ мақтанышпен айтарлық мәңгілік елге айнала бергей деген ниетпен танымдылық тарихи кеші өз мәресіне жетті.

Кітап көрмесі: «Бабалар салған сара жол- ұрпаққа болар мұра жол»

Қойылған кітап саны: 12 дана («сөйлейтін», бедерлі-нүктелі, жазық-баспалы  кітаптар және кіші қалыпты мүсіндер)

 

 

 
«Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын!» «Менің елім - Мәңгілік ел!» (КР тәуелсіздігіне 25 жыл)
Іс – шаралар

Өткізілген уақыты: 5 қаңтар, сағ 11-00.

Іс-шараның мақсаты: қоғамдық саяси әдебиеттерді насихаттау және мемлекеттік саяси мейрамдар жайлы мағлұматтар беру.

 

Арнайы кітапхана да аталмыш тақырыпқа сай кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді. Осы орайда, қазақ елінің ғасырлар бойғы арманына қол жеткізіп, тәуелсіздікке жеткен жолдары баяндалды. Қаншама қилы замандардан бір Аллаға сыйынып ұлан ғайыр жерімізді сақтап, ұлттық рухымызды жоғалтпай, егеменді еркін елге айналып отырмыз. Тұсаукесер аясында Мәделі Қожаға 200 жыл, Ақын-жыршы Қазанғап Байболұлының 125 жылдығы және атақты әртіс Айша Абдуллинаға 100 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылықтарына тоқталып, кеңірек таныстырылып өтілді. Азаттықтың ауасымен тыныстап, қанатын еркін қағып, бейбіт күнде биікке самғап, болашаққа Елбасы атап көрсеткен  «100 нақты қадаммен» талпынып, бүгінде 25 жасқа толып отырған ұлы дала елі қазақ халқы, асқақ арман мен мол мақсаттарға жетуге талпынып келеді. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихы еркіндікке кеше ғана қол жеткізсе де, тамыры тереңнен сыр толғайды. Кітап көрмесінің тұсаукесерінде тәуелсіздік тақырыбындағы ой-толғаулар мен түрлі тарихи және ұлттық тәрбиелік мәні бар кітаптар қойылды. Жиналған көрермендердің жастар жағы өздерінің жан-жақты пікірлерін айтып жатса, қариялар жағы Тәуелсіздікке жеткенімізге шүкір, Аллаға тәубе тыныштығымызды тұрақты, бейбітшілігімізді берік те баянды, азаттығымызды тұғырлы қылғай деп ақ бата-тілектерін ақтарып салды. Бұл жиында «Алаш қозғалысына - 100 жылдығы» да айтылып өтті. Біз бұл тұста Әлихан Бөкейхановтар бас көтерген алаш қозғалысынан алаштың азаттықты әріден аңсап, алға ұмтылғанын аңғарамыз. Бабалар арманы бүгінде біздің басымызға бақ болып орнады. Ендігі жерде тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, келер ұрпақ мақтанышпен айтарлық мәңгілік елге айнала бергей деген ниетпен тұсаукесер кеші өз мәресіне жетті.

 

 

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 Келесі > Соңы >>

Страница 11 из 11

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

sound by Jbgmusic