«Ананы сыйлау - адамзаттың парызы»
Іс – шаралар

7 наурыз, сағ. 11.00 Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы күніне орай «Ананы сыйлау - адамзаттың парызы» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қоғамдағы Ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу; аналарды, қыз-келіншектерді құрметтеуге шақыру, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Іс-шараға қатысқандар: зағип және әлсіз көретін оқырмандар, кітапхана қызметкерлері.

 

 
«Достықтың, ынтымақтың ғажап елі, барша жұрт риза саған, Қазақ Елі!»
Іс – шаралар

2017 жылдың 1 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхананың оқу залында  1наурыз - Алғыс айту күніне байланысты «Достықтың, ынтымақтың ғажап елі, барша жұрт риза саған, Қазақ Елі!» атты іс-шара өтті. Іс-шарада тақырыптық «Қазақ ұлтына – мың алғыс» атты көрме ұйымдастырылды.

 
«Тарихы терең – Түркістан»
Іс – шаралар

24 ақпан күні ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Тарихы терең - Түркістан» атты кездесу кеші өтті. Іс-шараның өтудегі басты мақсаты: 2017 жыл Түркі әлемінің мәдени астанасы Түркістан болып аталуына орай облысымыздағы зағип оқырмандарға өз өлкеміздің, оның ішінде ертеде ислам дінінің орталығына айналған төл қаламыз Түркістанның тарихын тереңірек насихаттау.

 

 
«На крыльях мечты»
Іс – шаралар

2017 ж. 15 ақпанында ОҚО арнайы кітапханада танымал ақын, бірнеше өлең жинақтарының авторы, 1 топ көз мүгедегі Л.Ф.Пенинаның 65 – жылдық мерейтойына арналған «На крыльях мечты» атты музыкалық - поэзиялық кеші атап өтілді. Кешке келген оқырмандар ақынның өлеңдерімен терең танысып, бойларына қуат алды. Автордың шығармашылығын насихаттау мақсатында оқырмандарға көрме ұйымдастырылды.

 
Жолдау 2017
Іс – шаралар

2017 жылдың 8 ақпан күні сағат 11-00-де облыстық арнайы  көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада  Елбасының халыққа арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына арналған «Послание – переход на новый этап социального развития страны» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шараға М.Сапарбаев атындағы жоғарғы оқу орнынан саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарих кафедрасының аға оқытушысы - Бейсекова Райхан Тузельбаевна шақырылды. Іс-шараға зағип оқырмандар, олардың отбасылары, кітапхана ұжымы қатысты.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Страница 6 из 12

ҚР Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы     ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Респуб...

ҚР рәміздері

ҚР Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiр...

Против коррупции
Против коррупции

sound by Jbgmusic